«Білімім - Отаныма» атты салтанатты жиын
25 мамыр күні мектебімізде оқу жылының аяқталуына арналған «Білімім - Отаныма» атты салтанатты жиын өтті. Бұл күн – шәкірттер үшін қуаныш пен қимастыққа толы, ұстаздар мен ата-аналар үшін толғанысқа толы ерекше мереке болды.
Мектеп ауласында өткен іс-шараға ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Мерекелік жиын Мемлекеттік Әнұранмен басталып, мектеп бітіруші түлектерге арналған жылы лебіздер мен ақ тілектерге ұласты. Жиын барысында еліміздің болашағы – білімді ұрпақ екендігі ерекше айтылып, жас түлектерге үлкен сенім артылды. Ұстаздардың еңбегі мен шәкірттердің жетістігі дәріптелген кеште мектеп өмірінің қызықты сәттері еске алынып, жүрекке жылы естеліктер жаңғырды.
Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Байкулов Б.Ү, аудандық білім бөлімінің әдіскері Досмұханбетова З.М, Т.Рысқұлов ауылдық округының әкімі Қалысбаев Е.Н салтанатты шараның құрметті қонақтары болды.
Мерекелік шара барысында түлектер ән шырқап, би билеп, ұстаздарына алғыстарын білдірді.


