Кезектен тыс мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері арасындағы жиналысының Хаттамасы » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кезектен тыс мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері арасындағы жиналысының Хаттамасы
14
май
2026

Кезектен тыс мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері арасындағы жиналысының Хаттамасы

Аманжол Тұғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
             кезектен тыс мектеп  мұғалімдері мен қызметкерлері арасындағы жиналысының

                                                         Хаттамасы 8
 

 Өткізілген күні: 14.05.2026ж.                                        Интернационал ауылы


 Қатысқандар:
 9-11 сынып оқушыларының ата-аналары, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері.

Жиналыс төрағасы: Мектеп директоры: Л.Кокрекбаева
 Хатшы: А.Еставлетова.
Күн тәртібінде:
 
1.  Бітіруші түлектердің іс-шараларын өткізуге және заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы.

2. Қауіпсіздік және құқықтық жауапкершілік мәселелері.

3. Әртүрлі мәселелер.

1.Тыңдалды:

Мектеп директоры Кокрекбаева Лаила Болысбекқызы жиналысты ашып, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасынң 2026 жылғы 6 мамырдағы №03-2559 хаты негізінде 2025-2026 оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен Меркі ауданы білім бөлімінің №276 бұйрығымен таныстырып өтті.

Бірініші мәселе бойынша 25 мамыр күні мектеп бітірушілеріне арналған «Соңғы қоңырау»мерекелік іс-шарасы мен аттестат тапсыру рәсімін тәртіп пен қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, тек мектеп қабырғасында өткізілетінін ескертті. Сонымен қатар мектеп бітіру кешінде көлік жалдап, автокортеждер ұйымдастыруға, таңды қарсы алу шараларын өткізуге, алау жанында ұйымдастырылатын шараларға, сондай-ақ мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында,асханаларда, демалыс базаларында және табиғат аясында өткізілетін шараларға тыйым салынатынын айтты. Мектеп әкімшілігіне, педагогикалық ұжымға, сынып жетекшілеріне ақшалай немесе заттай сыйлықтар беруге, сондай-ақ заңсыз ақша жинауға жол берілмейтінін қатаң ескертті.  

Екінші мәселе бойынша директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Нысанова сөз сөйледі. Қауіпсіздік басты назарда екені айтылып, оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау – ата-ана мен мектептің ортақ міндеті екені атап өтілді. Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімдердің алкоголь өнімдерін пайдалануына жол берілмейтіні ескертіліп, оның зиянды әсерлері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Әр ата-ана өз баласының тәрбиесіне, тәртібіне және қауіпсіздігіне жауапты екені айтылып, балаларды үнемі бақылауда ұстау қажеттілігі түсіндірілді. 

Сөз кезегінде ата-ана:  Молдашева Қаламқас сөз сөйлеп, бұйрық талаптарын толық қолдайтындарын және заңсыз ақша жинауға жол бермейтіндерін жеткізді. Сондай –ақ балалардың қауіпсіздігі басты орында болуы керектігін айтып, мектептен тыс бітіру кеші ұйымдастырылмайтынын мәлімдеді.

Шешімі:

  1. Мектеп бітіру іс-шараларында оқушылардың қауіпсіздігі басты назарға алынсын.
  2. Бітіру іс-шараларын мектептен тыс жерде ұйымдастыруға жол берілмесін.
  3. Ата-аналардан заңсыз ақша жинауға тыйым салынсын.


                    Жиналыс төрағасы:                         Л.Б.Кокрекбаева


                Хатшы:                        А.Еставлетова


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: