-10 сынып білім алушылары арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, интернет алаяқтықтың және ұрлықтың алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » -10 сынып білім алушылары арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, интернет алаяқтықтың және ұрлықтың алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
30
апрель
2026

-10 сынып білім алушылары арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, интернет алаяқтықтың және ұрлықтың алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.

Құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, интернет алаяқтықтың және ұрлықтың алдын алу бойынша құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесу өтті.

✅Ағымдағы жылдың сәуір айының 30 күні А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 8-10 сынып білім алушылары арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, интернет алаяқтықтың және ұрлықтың алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.

✅Мақсаты:
-Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру;
-Зиянды әдеттердің алдын алу;
-Интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру;
-Ұрлық және өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу;
-Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.

✅Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Нашақорлықтың денсаулыққа және болашақ өмірге тигізер зияны кеңінен айтылды. Интернет алаяқтықтың түрлері (жалған хабарламалар, күмәнді сілтемелер, жеке деректерді тарату) туралы ескертіліп, жеке мәліметтерді қорғау жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар ұрлықтың құқықтық жауапкершілігі түсіндіріліп, бөтеннің мүлкіне қол сұғудың заң алдындағы салдары айтылды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі нормаларына сәйкес жауапкершілік 188 бап - Ұрлық қарастырылатыны ескертілді.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: