«Оқулықты ұқыпты ұстайық» атты оқулықтарға рейд
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінің білім алушыларды кітапханалық оқулықтарға дұрыс және ұқыпты қарауға үйрету мақсатында 2026 жылы наурыз айының 10 күнінде«Оқулықты ұқыпты ұстайық» атты оқулықтарға рейд жүргізілді. Тексеру 1-11 сыныптар аралығында өткізілді. Сабақта оқулықтардың болуы, мұқабаның болуы, сондай-ақ оқулықтардың сыртқы түрі тексерілді. Шараға кітапхана белсенділері мен кітапханашы қатысты.
Тексеру барысында оқушылардың басым көпшілігі оқулықтарды таза әрі ұқыпты ұстайтыны анықталды. Оқулықтардың мұқабалануы, ішкі беттерінің бүтіндігі және ұқыпты пайдаланылуы қарастырылды. Кейбір оқушыларға оқулықтарды таза ұстау, мұқабалау және дұрыс пайдалану туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Рейд нәтижесінде оқушыларға оқулықты күтіп ұстау, кітапқа құрметпен қарау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кітап – білім көзі екендігі ескертілді.



