«Кітапқа құрмет-білімге құрмет» атты оқулықтарға рейд
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Кітапқа құрмет-білімге құрмет» атты оқулықтарға рейд
Мақсаты:Оқулықтардың сақталуын, тазалығын және дұрыс қолданылуын тексеру;
Оқушылардың кітапқа деген ұқыптылық пен жауапкершілігін арттыру;
Мектеп кітапханасындағы кітап қорын тиімді әрі таза күйде сақтау.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінің білім алушыларды кітапханалық оқулықтарға дұрыс және ұқыпты қарауға үйрету мақсатында 2025 жылы қазан айының 16-17 күнінде оқулықтарға рейд жүргізілді. Аталған күндері «Кітапқа құрмет-білімге құрмет» атты рейд ұйымдастырылып, барлық сыныптардағы оқушылардың пайдаланудағы оқулықтары тексерілді. Кітаптардың сыртқы мұқабасы, ішкі беттерінің тазалығы мен тұтастығы қаралды. Ұқыпсыз пайдаланылған, бүлінген немесе беттері жыртылған оқулықтар тіркеліп, сынып жетекшілеріне және оқушыларға ескерту берілді.Сондай-ақ, оқушыларға оқулықты таза сақтау, қорғау және кітапқа құрметпен қарау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Рейд қорытындысы бойынша оқушылардың басым бөлігі оқулықтарды ұқыпты сақтағаны байқалды. Дегенмен, кейбір сыныптарда аздаған ескертулер тіркелді (мысалы: мұқаба жыртылуы, сурет салынған беттер және т.б.). Бұл бағытта сынып жетекшілерімен және ата-аналармен қосымша жұмыс жүргізу ұсынылды.


