"Таза кітап" атты оқулықтарға рейд
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
"Таза кітап" атты оқулықтарға рейд
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінің білім алушыларды кітапханалық оқулықтарға дұрыс және ұқыпты қарауға үйрету мақсатында 2023 жылы қазан айының 16 күнінде "Таза кітап" атты оқулықтарға рейд жүргізілді. Тексеру 1-11 сыныптар аралығында өткізілді. Сабақта оқулықтардың болуы, мұқабаның болуы, сондай-ақ оқулықтардың сыртқы түрі тексерілді. Шараға кітапхана белсенділері мен кітапханашысы Каимбаева М.А. қатысты. Оқулықтары, мұқабасы жоқ немесе ұсақ жөндеуді қажет ететін кітап иелері, білім алушыларға "мектеп оқулығына ұқыпты қарау туралы", "оқулықты сақта", "оқулықты ұзақ ұстау " нұсқаулықтар жүргізіліп, мектеп кітапханасынан оқулықтарды пайдаланудың негізгі ережелері туралы және оқулықтарды бүлдіргені және жоғалғаны үшін жауапкершілік туралы тағы да еске салынды. Құрметті білім алушылар мен ата-аналар! Оқу әдебиеттері-табысты оқудың шарты. Әрбіріміз таза және ұқыпты кітапты қолымызда ұстағымыз келеді, ал ол үшін оны сақтау керек. Оқулықтарыңыз қандай жағдайда екенін қараңыз! Оқулықтар оралып, таза болуы керек.!