Жас талантты ақындар » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас талантты ақындар
02
март
2026

Жас талантты ақындар

         Өмір маған үйретті

Өмір маған үйретті жыламауды, 

Алладан басқа ешкімнен сұрамауды.

Бақыт кетсе артынан жүгірмей-ақ,

Берілмеуді, өмірден жеңілмеуді.


Өмір маған үйретті құламауды,

Құласам да, ешқашан жыламауды.            

Болмайтын адамдарға уақыт арнап,

Мейірім мен махаббат сұрамауды.


Өмір маған үйретті шүкірлікті,

Жақсы көріп, кешіру, үлкендікті.

Тағдыр салса Алланың сынағы деп,

Көтерген жөн сабырмен қателікті

Жамбыл обылысы,Меркі ауданы 

А.Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ –нің

 10-сынып оқушысы Қартпай Майра





   Төрт мезгіл


Жаздың жұпар жасыл шөбін еске алып,

Аңсаймын көп бұлақ суын айдынды.

Кеш уақыты күн батады қызарып,

Уақыт, шіркін, бір орында тұрмайды.


Ұшып-қонды, қоныстанды жыл құсы, 

Көгал көктеп, келді көктем тұрмысы.

Сағынамын арайлы таң шапағын, 

Неткен әсем көктемнің бұл болмысы.


Аю, кірпі, тиін, борсық ұйқысына жатады,

Жер жамылды ақ киім, аппақ қарды.

Салқын түсті киініп ап жып-жылы,

Кезуші ем артта біраз із қалды.



Алқаптарда алтын астық төгілді,

Тырна көшті қатар-қатар тізіліп.

Жауып жатыр бұл күні жаңбыр жиі,                                                                       

  Алма пісіп, алмұрт, жаңғақ үзіліп.            

Жамбыл обылысы,Меркі ауданы 

А.Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ –нің

 11-сынып оқушысы Нарымбетов Шынғысхан




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: