Жас оқырманның кітапқа деген сүйіспеншілігі » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас оқырманның кітапқа деген сүйіспеншілігі
23
декабрь
2025

Жас оқырманның кітапқа деген сүйіспеншілігі

Жас оқырманның кітапқа деген сүйіспеншілігі

Мен, 8-сынып оқушысы Зарип Индира, кітап оқуды бала күннен жақсы көремін. Кітап – менің өмірімдегі ең маңызды серігім. Оқырман болу арқылы менің ой-өрісім кеңейді, білімім артып, жаңа дүниелерді тануға жол ашылды. Кітаптар арқылы ғана емес, мектепте ұйымдастырылатын түрлі кітап оқу байқауларына қатысып, өзімді сынап, шығармашылығымды дамытуға мүмкіндік алдым.  Бұл байқаулар маған жаңа идеялар беріп, оқуға деген ынтамды арттырды. Кітап оқу арқылы мен сөздік қорымды байытып, өз ойымды еркін әрі мәнді жеткізе білуге үйрендім. Сонымен қатар, кітаптардың көмегімен адамгершілік құндылықтарды түсініп, өмірге деген көзқарасым өзгере түсті. Мен үшін кітап – рухани байлықтың қайнар көзі, сондықтан болашақта да кітапты досым етіп, білімімді тереңдетуге бар күшімді саламын.

Мен, 8-сынып оқушысы Жасағанберген Нұрболат, кітап оқуды өте жақсы көремін. Кітап – менің білімім мен ой-өрісімнің көзі. Мектеп кітапханасына келіп түскен әрбір жаңа кітап мені ерекше әлемге жетелейді, ойымды байытып, шығармашылығымды дамытады. Жуырда мен мектептегі шығармашылық байқауға қатысып, өзімнің кітап туралы ойымды білдірген шығармам үшін жүлделі орын алдым. Бұл жетістік мені одан әрі оқуға және жазуға ынталандырды.Кітап оқудың арқасында мен өзімді жетілдіріп, армандарымды жүзеге асыруға ұмтыламын.


Мен,10 - сынып оқушысы Қартбай Майра. Кітап оқу — менің ең үлкен хоббиімнің бірі. Әр кітапта жаңа әлем, жаңа әңгіме, жаңа кейіпкерлер бар. Кітап оқыған сайын ойым кеңейеді, сөздік қорым байи түседі. Сондай-ақ, кітаптар менің өлең жазуыма үлкен шабыт береді. Әдеби шығармалардағы әдемі сөздер мен ойлар маған өз өлеңдерімді құруға көмектеседі. Әр оқыған кітабымнан алған әсерімді, сезімімді өлеңге айналдыруды ұнатамын. Кітап арқылы менің шығармашылығым дамып, жүрегімдегі ойлар өлең жолдарына айналады.

Мен — 11 сынып оқушысы Нарымбетов Шынғысханмын. Кітап оқу мен үшін тек бос уақытты өткізу емес, ол — білім мен руханият әлеміне жол ашатын құнды тәжірибе. Кітап арқылы мен өмірге деген көзқарасымды кеңейтемін, ой-санам тереңдейді. Мен сахнада поэмаларымды еркін, әсерлі оқуды үйреніп жүрмін, себебі поэзия — менің ішкі сезімдерімді, ойларымды басқаларға жеткізудің ерекше тәсілі. Өлең жазуға деген қызығушылығым да жоғары, себебі әр өлең — менің жан дүниемнің айнасы. Болашақта өз шығармаларымды көпшілікке ұсынғым келеді және әдебиет арқылы өзімді танытқым келеді.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: