«Оқушы өлеңдері –ойдың бастауы» » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқушы өлеңдері –ойдың бастауы»
24
декабрь
2025

«Оқушы өлеңдері –ойдың бастауы»

 Еңбек туралы


Еңбек етсең-емерсің,

Жерден ырыс терерсің.

Таңмен талас тұрсаң да,

Бақыт кілтін іздерсің.


Қолыңдағы кетпенің-

Еңбек жолын меңгердің.

Терің тамса маңдайдан,

Берекеңе сенгенің.


Бос жатпайтын адамға,

Табыс келер әр таңда.                                                                        

Жұлдыз сынды жарқырап,

Жетелейді еңбек-бәріне!

Зарип Индира 8 А сынып оқушысы

 Жамбыл облысы, Меркі ауданы

А.Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ


                                                                                 Өмір 


                            Өмір маған үйретті жыламауды, 

                            Алладан басқа ешкімнен сұрамауды.

                            Бақыт кетсе артынан жүгірмей-ақ,

                            Берілмеуді, өмірден жеңілмеуді.


                           Өмір маған үйретті құламауды,

                            Құласам да, ешқашан жыламауды.

                            Болмайтын адамдарға уақыт арнап,

                           Мейірім мен махаббат сұрамауды.


 Қартбай Майра,10-сынып

Жамбыл облысы, Меркі ауданы

А.Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ


                            Кішкене марғау


Көше бойлап, терең ойлап, үнсіз, көзсіз тым баяу,

Келе жаттым, байқамаппын нәзік дауыс, құдай-ау.

Шалып қалдым — еріп кепті алақандай бір марғау,

       Әсте оның иесі жоқ, қорғау керек, аялау.


        Жәутеңдеген жетім көзі зор үмітін сездірді,

   Тым сүйкімді, аппақ мұрттым, келмейді ғой кеткісі.

Нәзік даусы әзер шықты — әлсіз, күшсіз марғауды

Алғым келді, әкем қарсы, шара қолда таусылды.


Нарымбетов Шыңғысхан

11-сынып

Жамбыл облысы, Меркі ауданы

А.Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: