ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ БАЛАНЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ БАЛАНЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ
14
октябрь
2025

ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ БАЛАНЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ

14 қазан күні мектепте, ата-аналар педагогикалық қолдау орталығының жұмысын іске асыру барысында 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ БАЛАНЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ» тақырыбында №1 сабағы өткізілді. 

   Мақсаты: ата-аналардың баланың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның жеке шекараларын сақтау, зорлық-зомбылық белгілерін дер кезінде тану және дабыл сигналдарына сай әрекет ету бойынша дайындығын қалыптастыру. 

   Күтілетін нәтиже 

   Ата-аналар: 

• зорлық-зомбылықтың алдын алу шарасы ретінде балаларды жеке қауіпсіздікке үйретудің маңыздылығын түсінеді; 

• зорлық-зомбылықтың тәуекелдерін және олардың көздерін (физикалық, психологиялық, жыныстық, немқұрайлылық) бағдарлай алады; 

• жеке қауіпсіздіктің формаларын (физикалық, психикалық, ақпараттық, эмоционалдық, коммуникативтік) бағдарлай алуды үйренеді; 

• баланың жеке шекарасын сақтаудың және ол бұзылған жағдайда дұрыс әрекет етудің қарапайым және қолжетімді тәсілдерін меңгереді. 

     Сабақтың бірінші кезенінде ата-аналарға сабақтын өзектілігі тұсіндіріліп, «Мен осы сәтте» жаттығуы,  «Ену – диалог – сезіну әдісі» бойынша шағын дәріс беріліп,  «Ата-ана не істей алады?» атты топтық жұмыс жүргізілді. Сабақтың екінші кезенінде «Бастауыш мектеп жасындағы қыздарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық. Ол не? Ересектерге нені білу маңызды?» тақырыбында шағын дәріс өткізіліп, шағын топтық жұмыс, миға шабуыл,  кейстер бойынша топтық жұмыс, «Бала не сезінеді?» атты жаттығуы жүргізілді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: