18
ноябрь
2024
Қаржылық пирамидалардың қаупі» тақырыптарында «Қауіпсіздік сабақтары» өткізілді
2024 жылдың 18 қараша күні оқушыларды қауіпті жағдайларды жылдам және ұтымды шешімдер қабылдауға үйрету, оқушылардың арасындағы қарым-қатынас туралы білімдерін пысықтау, ұжымда достық және сенімді қарым-қатынас орнату, реніш пен жанжалды болдырмау, ынтымақтастық және бірлесіп әрекет ету дағдыларын дамытуға жағдай жасау, балаларды буллингіге және психологиялық немесе физикалық зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға үйрету, үйде және көшеде кездесетін қауіпті жағдайлар туралы түсінік қалыптастыру, осы жағдайда қалай әрекет жасау керектігін ұғындыру, оқушыларды ауа райы құбылыстарымен таныстыру және найзағай, көктайғақ, бұрқасын кезінде қауіпсіз әрекет ету дағдыларын дамыту, ауа райы және оның негізгі көрсеткіштері туралы білімдерін бекіту. оқушыларды «дербес деректер» ұғымымен таныстыру, интернет желісінде қауіпсіз жүріс-тұрыстың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, гаджеттерден бас тартудың оқушылардың денсаулығы мен әлауқатына әсерін зерттеу. интернеттегі жас шектеулерінің маңыздылығын және оның балалардың қауіпсіздігіне әсерін түсіну,қақтығыстағы жеке жауапкершіліктің маңыздылығын түсіну және жанжалды жағдайларды бейбіт жолмен шешуді үйрену. қаржылық пирамида белгісін анықтай отыра, қаржылық пирамида қаупінің алдын алу, қауіпсіз қаржылық операцияларды жүзеге асырудың қағидаларымен таныстыру мақсатында «Есік қағылды», «Достарыңмен жанжалдасқан жағдайда не істеу керек?», «Не жөнінде үндемей қалуға және ата-аналардан жасыруға болмайды?», «Отбасыңызды қауіптен қорғау жолдары», «Үйге қауіпсіз оралу: қолайсыз ауа-райында не істеу керек?», «Интернетте жеке деректеріңізді қалай қорғауға болады?», «Гаджеттердің тәуелділігіне қалай түспеуге болады?», «Желідегі жас шектеулері неліктен маңызды?», «Жанжалды қалай шешуге болады?», «Алаяқтардың амалына қалай түспеуге және өздеріңізді табысты күмәнді түрлерінен қалай қорғауға болады?», «Қауіпсіз қаржылық операцияларды жүргізу қағидалары. Қаржылық пирамидалардың қаупі» тақырыптарында «Қауіпсіздік сабақтары» өткізілді. Сабақ барысында білім алушыларға бейнежазбалар көрсетіліп, сұрақтар қойылды.