25
декабрь
2023
"Қауіпсіз жаңа жыл"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №1819/1 хатын негізге ала отырып, Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі жаңа жылдық мерекелік іс-шараларын өткізу барысында ата-аналардан заңсыз қаржы жинауға (безендіруге, жаңа жылдық киім алуға, сыйлық жасауға, дастархан жасауға) қатаң тыйым салынатындығы ескертілді, ата-аналардан қолхат алынып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, білім алушылар жаңа жылдық шырша мерексінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, атап айтқанда пиротехникалық заттарды қолданбау туралы, өрт ережелерін сақтау бойынша сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді.

