27
декабрь
2024
«Келдің бе,Жаңа жыл» жаңа жылдық іс-шара
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 25-27 желтоқсан аралығында «Келдің бе,Жаңа жыл» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті. Кішкентай бүлдіршіндерімізді мектеп директоры Кокрекбаева Л.Б. жаңа жылдарымен құттықтады. Іс-шара жоғары деңгейде өтіліп, ата-аналар белсенді қатысты. Балалар жаңа жылда түрлі ертегі кейіпкерлерімен жүздесіп, ән шырқап, би биледі. Жаңа жылдық іс –шарамызда аяз ата,Ақша қар,Мыстан кемпір, және аю мен қоян кейіпкерлері балалармен бірге көңіл көтерді.Жаңа жыл жоғары деңгейде өтіліп, әр сынып өз өнерлерін көрсетті. Шара барысында жаңа жылдық ойындар ойнатылып,балалар түрлі сыйлықтар иеленді.