Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» шығармасындағы ұлттық құндылықтар Ойталқы
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерімен Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» шығармасындағы ұлттық құндылықтар
Ойталқы
Анықтама
А. Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББ мектебінде наурыз айының 28-ы күні, көктем демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп мұғалімдерімен Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» шығармасындағы ұлттық құндылықтартақырыбында ойталқы өткізілді. Іс- шара мектеп кітапханашысының бастамасымен , « Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шара мектеп конференция залында өтті. Іс- шараға мектеп мұғалімдері қатысты. Жазушының шығармасына қысқаша тоқталып, шығарма желісі талданды. Оқиға желісі баяндалып, мұғалімдер өз ойларын ортаға салды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Еставлетова А. шығарманы қазіргі заман шындығымен байланыстырып, жазушының көтерген мәселесінің қазіргі таңда да өзекті екендігіне тоқталып кетті. Айтжанова өз сөзінде: «Сол кезеңдегі жастар қиындыққа қарамай, сол шығарманы оқуға ынтық болып, шығарманың әсерлі тұстарын құрдастарымызбен талқылайтынбыз», -деді. Айтжанова Г.А. жазушының әр оқырманға керемет әсер ететін шығармасы , кейіпкерлер тағдыры туралы баяндап, оқырмандарды қызықтыра түсті.Кітапханашы пікіралмасу соңында барлық оқырмандарға шығарманы оқуды ұсынып, шараға қатысқан ұстаздарға алғысын білдірді.