«Махаббат қызық мол жылдар» шығармасының өзектілігі пікір алмасу » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Махаббат қызық мол жылдар» шығармасының өзектілігі пікір алмасу
30
октябрь
2024

«Махаббат қызық мол жылдар» шығармасының өзектілігі пікір алмасу

А. Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде қазан айының 30-ы күні,  күзгі демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп мұғалімдерімен «Әзілхан Нұршайықов   «Махаббат қызық мол жылдар» шығармасының өзектілігі» тақырыбында пікір алмасу өткізілді. Іс- шара мектеп кітапханашысының бастамасымен , « Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс- шараға  мектеп мұғалімдері қатысты. Жазушының шығармасына қысқаша тоқталып, шығарма желісі талданды. Оқиға желісі баяндалып, мұғалімдер өз ойларын ортаға салды.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кожагулова К. Н.  шығарманы қазіргі заман шындығымен байланыстырып, жазушының көтерген мәселесінің қазіргі таңда да өзекті екендігіне тоқталып кетті. Кожагулова өз сөзінде: «Сол кезеңдегі жастар қиындыққа қарамай, сол шығарманы оқуға ынтық болып, шығарманың әсерлі тұстарын құрдастарымызбен талқылайтынбыз», -деді. Баякова К.Т. жазушының әр оқырманға керемет әсер ететін шығармасы , кейіпкерлер тағдыры туралы баяндап берді. Шығарма желісімен жарық көрген кино туралы айтып, оқырмандарды қызықтыра түсті.Кітапханашы пікіралмасу соңында барлық оқырмандарға шығарманы оқуды ұсынып, шараға қатысқан ұстаздарға алғысын білдірді.  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: