Мектеп ұжымымен Қ.Ж.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы тыңдалып, талқыланды
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 8 қыркүйегінде сағат 11.00. -де «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жолдауытыңдалып, талқыланды.
Биылғы Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың жариялаған міндеттер Қазақстанның одан әрі қарқынды дамуы үшін айрықша маңызды.
Олар елімізді цифрлық жаңғырту ісімен тығыз сабақтасып жатыр.
Жасанды интеллектіні жаппай енгізу және жаппай цифрландыру еліміздің барлық саладағы әлеуетін еселеп арттырады. Біздің стратегиялық бағдарымыздың ең басты қыры осы болуға тиіс. Осы міндетті тиімді орындау үшін Үкіметке цифрландыру ісі мен жасанды интеллектіні дамытуға арналған «Digital Qazaqstan» атты біртұтас тұжырымдамалық құжат әзірлеуге тапсырма берді. Онда бастамалар мен жобалардың бәрі жалпыұлттық стратегия аясында біріктірілетін болады.
Түптеп келгенде, еліміздің түбегейлі цифрлық жаңғыруын халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бастайтын жол.
Мемлекет әр азаматтың лайықты табыс тауып, сапалы әлеуметтік қызмет алып, ертеңгі күніне сенімді болуы үшін барынша жағдай жасай береді.
Себебі мемлекет басшысының қолға алған барлық реформа бір ғана мақсатты көздейді - халықтың әл-ауқатын арттыру және елдің жан-жақты өрлеуін қамтамасыз ету.