Мектебіміздің 11-сынып түлектеріне арналған аттестаттарды тапсыру салтанаты
Мектебіміздің 11-сынып түлектеріне арналған аттестаттарды тапсыру салтанаты 19 маусым күні АКТ залында өтті. Жалпы биылғы оқу жылын 20 түлек аяқтады. Оның ішінде 1 түлекке «Алтын белгі» және 2 түлекке үздік аттестат тапсырылды. Биылғы дәстүрлі кешіміздің орны айтарлықтай ерекше, себебі Тұнғатар Ерғанат «Алтын белгі» иегерлері атанып отыр, ал Ерғали Аянат пен Тоқтарбай Айдана үздік аттестат иегерлері. Бұл ұстаздар мен ата - аналардың үкілеген зор үмітін ақтады деген сөз. Бүгінгі күн баршамыз үшін жүрек тебірентіп, көңіл толқытатын сәт. Олай дейтініміз мектеп қабырғасында бақытты бал-балалық шақтарын өткізіп, ұлағатты ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиесін алып, білім нәрімен сусындап өскен ұл-қыздарымыз жаңа өмір әлеміне нық сеніммен қадам басқалы тұр.