«Біз есірткісіз әдемі, бақытты өмірді таңдаймыз» және «Жастар нашақорлыққа қарсы» тақырыптарында зияткерлік ойын » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Біз есірткісіз әдемі, бақытты өмірді таңдаймыз» және «Жастар нашақорлыққа қарсы» тақырыптарында зияткерлік ойын
13
июнь
2025

«Біз есірткісіз әдемі, бақытты өмірді таңдаймыз» және «Жастар нашақорлыққа қарсы» тақырыптарында зияткерлік ойын

2025 жылдың 13 маусым күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде жоғары сынып оқушылары арасында «Біз есірткісіз әдемі, бақытты өмірді таңдаймыз» және «Жастар нашақорлыққа қарсы» тақырыптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Қ.Баяқова, Ә.Бахытованың ұйымдастыруымен зияткерлік ойын ұйымдастырылды.
Мақсаты:
- Оқушылардың нашақорлыққа қарсы ой-пікірін қалыптастыру.
- Салауатты өмір салты туралы білімдерін арттыру.
- Зиянды әрекеттерге қарсы тұруға және ойлау қабілетін дамытуға ықпал ету.
          Ойын бірнеше кезеңнен тұрды: сұрақ-жауап, ұғымды табу, жағдаяттарды шешу, плакат қорғау. Оқушылар топқа бөлініп, тақырыпқа сай білімдерін көрсетті. Есірткінің зияны, оны қолданудың заңдық салдары және денсаулыққа келтіретін зияны туралы талқылаулар жүргізілді.
         Зияткерлік ойын жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың құқықтық және салауатты өмір туралы көзқарастарын нығайтты. Іс-шара оқушыларды ойландырып, нашақорлықтан аулақ болуға ынталандырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: