«Балалар есірткіге қарсы» тақырыбында спорттық-танымдық іс-шара » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балалар есірткіге қарсы» тақырыбында спорттық-танымдық іс-шара
11
июнь
2025

«Балалар есірткіге қарсы» тақырыбында спорттық-танымдық іс-шара

2025 жылдың 11 маусым күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде дене тәрбиесінің мұғалімдері Ж.Шоншабаев және Ы.Сатымбаевтың ұйымдастыруымен «Балалар есірткіге қарсы» тақырыбында спорттық-танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шара аясында қозғалмалы ойындар мен эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды.
Мақсаты:
- Балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
- Есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыру.
- Достық, ұжымдастық және белсенді өмірге баулу.
       Ойындар мен жарыстарға бастауыш және орта буын оқушылары қатысты. Командалық сайыстар, көңілді эстафеталар, доппен жарыс, арқан тарту және жылдамдыққа арналған ойындар өткізіліп, балалар өз күштері мен шапшаңдықтарын сынады. Әр ойыннан кейін «салауатты өмір – біздің таңдауымыз» сынды ұрандар айтылып, есірткіден аулақ болуға шақырылды.
       Іс-шара оқушылардың дене белсенділігін арттырып, зиянды әрекеттерге қарсы тұруға бағытталған тәрбиелік мазмұнмен өтті. Жарыстар көтеріңкі көңіл-күймен өтіп, барлық қатысушылар марапатталды

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: