«Жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында кезекті 7 сабақ өткізілді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 20 сәуір күні мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмысының іске асыру аясында 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында кезекті 7 сабақ өткізілді.
Мақсаты: жасөспірімнің жеке қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру мәселелерінде ата-аналардың құзыреттілік деңгейін арттыру.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер: достық, махаббат, сенім, қамқорлық, адалдық, мейірімділік, жауаптылық, жауапкершілік, өзара көмек.
Күтілетін нәтижелер:
1. Ата - аналар жасөспірімнің жеке қауіпсіздігі мәдениетін дамытуға күш салады;
2. Жасөспірімнің жеке қауіпсіздік мәдениетінің шарттары туралы ата-аналардың түсініктері кеңейеді;
3. Ата-аналар жасөспірімнің жеке қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастырудың нақты әдістері мен тәсілдерін меңгереді.