«Балалардың сыртқы деструктивті әсерлерге төзімділігі» тақырыбында кезекті 7 сабағы өткізілді
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 19 сәуір күні мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмысының іске асыру бойынша 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Балалардың сыртқы деструктивті әсерлерге төзімділігі» тақырыбында кезекті 7 сабағы өткізілді.
Мақсаты: Ата-анаға БАҚ-тың теріс әрекеттері, экстремизм сияқты және т.б. сыртқы деструктивті әсерлерге баланың төзімділігін қалыптастыруды үйрету.
Ұлттық құндылықтар мен түлғаның жеке қасеттері: ашықтық, жауапкершілік, эмпатия, шығармашылық ойлау, түлғаны құрмет, сенім, мейірімділік.
Күтілетін нәтижелер:
Сабақ аяқталғаннан кейін ата-аналар: ● баласын жағымсыз сыртқы әсерлерден (медиа манипуляциялар, экстремизм және т. б.) қорғауға барын салады; ·баласына қауіп төндіретін сыртқы әсерлерді танып үйренеді, сыни ойлау мен эмоционалды интеллект дағдыларын дамыту қажеттілігін түсінеді; ● баласымен күрделі және сезімтал тақырыптарды талқылай алады, теріс әсерлермен күресуге көмектесетін ойындар мен жаттығуларды іс жүзінде қолдана алады.