«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы»
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында13 наурыз күні мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмысының іске асыру бойынша мектеп 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Балалардың сыртқы деструктивті әсерлерге төзімділігі» тақырыбында кезекті 6 сабақ өткізілді.
Мақсаты: Ата-анаға БАҚ-тың теріс әрекеттері, экстремизм сияқты және т.б. сыртқы деструктивті әсерлерге баланың төзімділігін қалыптастыруды үйрету.
Ұлттық құндылықтар мен түлғаның жеке қасеттері: ашықтық, жауапкершілік, эмпатия, шығармашылық ойлау, түлғаны құрмет, сенім, мейірімділік.
Күтілетін нәтижелер Сабақ аяқталғаннан кейін ата-аналар:
● баласын жағымсыз сыртқы әсерлерден (медиа манипуляциялар, экстремизм және т. б.) қорғауға барын салады;
·баласына қауіп төндіретін сыртқы әсерлерді танып үйренеді, сыни ойлау мен эмоционалды интеллект дағдыларын дамыту қажеттілігін түсінеді;
● баласымен күрделі және сезімтал тақырыптарды талқылай алады, теріс әсерлермен күресуге көмектесетін ойындар мен жаттығуларды іс жүзінде қолдана алады.
"БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" пед_қолдау "Жамбыл Меркі" №7 ЖОББМ