«Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің міндеті» тақырыбында кезекті 7 сабақ өткізілді.
18 сәуір күні мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмысының іске асыру бойынша 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің міндеті» тақырыбында кезекті 7 сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: ақпараттық және іс-қимыл алгоритмдері негізінде балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналардың психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттіліктерін дамыту.
Ұлттық құндылықтар мен тұлғаның жеке қасиеттері: әділеттілік және жауапкершілік.
Күтілетін нәтижелер: Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәуелсіздігін дамыту үшін ықтимал тәуекелдер мен іс-қимыл алгоритмдері туралы білім алуға атааналардың жоғары мотивациясы. Ата-аналардың баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешу дағдыларын дамыту және алынған ақпаратты практикада қолдану.
