19
март
2025
Наурызнама онкүндігінің 19 наурыз күні «өмірдің жаңаруын» бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасы
Наурызнама онкүндігінің 19 наурыз күні «өмірдің жаңаруын» бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасына арналады. Жаппай ағаш отырғызу дәстүрі Қазақстанның жаңару кезеңін, дамуы мен гүлденуін бейнелейді. Бұл – көктемгі жаңару мерекесі. Табиғат өзгеріп, өмір қайта жанданады деп саналады. Жаңару күні ел өміріндегі және әрбір азаматтың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Наурызнаманың әр күні елімізде игі іс-шаралармен жалғасып, ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп жатыр. Көктеп, көгеру дегеніміз – ұрпақтың өніп-өсуі.