«Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз»
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектеп кітапханасында 2024 жылы наурыз айының 18 күнінде ««Ұлыстың ұлы күні- әз Наурыз»» атты кітапханалық көрме ұйымдастырылды.Көрмеде қазақ халқының ұлттық тағамдары мен салт- дәстүрлері дәріптелді.Олармен мектеп кітапханашысы таныстырып шықты. Наурыз ұғымының қалай пайда болғанындығы және бұл мерекенің маңызы туралы айтылып өтті. Наурыз-өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінде "нау"-жаңа,"рыз"-күн деген сөздерден шығып,жылдың бірінші күнін білдірген. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді "Ұлыстың ұлы күні" деп атағаны туралы айтылды. Оқушылардан наурыз мерекесі туралы қандай мағлұматтар білетіндерін сұрады. Оқушыларға ұлттық мереке- жыл басы Наурызды халқымыз қалай қарсы алғандығын үйретіп, насихаттады. Сонымен қатар оқушылар наурыз айы , наурыз мерекесі туралы өздері жаттаған өлеңдерін оқыды.Көрме наурыз айының соңына дейін ұйымдастырылып, оқушыларға насихаттау жұмысы жүргізіледі.