«Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты аудандық көркемсөз оқу байқауы өтті
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған
«Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты
аудандық көркемсөз оқу байқауы өтті
Байқаудың мақсаты: Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау; Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге, ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда дәйекті жеткізе алуға баулу.
Аудандық байқауға қатысатын оқушы поэзияны сүйетін, оны поэтикалық тұрғыда талдай білетін, өлеңді көркем мәнерлеп оқитын қабілеті бар болуы шарт. Үміткер ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын, әрі өлеңдері мен поэмаларын мүмкіндігінше жатқа білуі керек. Байқау аудандық Қ.Жандарбеков атындағы « Өнер мектебінде» өтті. Аталған байқауға мектебіміздің 10 сынып оқушысы Нарымбетов Шыңғысхан мен 11 сынып оқушысы Қартбай Абдулқадір қатысты. Ережеге сәйкес ақынның өлеңдері мен ақиық ақынға арнау өлеңдерін жатқа оқыды. Сайыс қорытындысы бойынша талантты оқушыларымыз арнайы Алғыс хатпен марапатталды.