«Ежелгі кітаптарды неден жасаған?» Дөнгелек үстел
«Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы аясында
Жамбыл облысында «2025 жылы-Кітап оқу жылы» болып бекітілуіне орай
«Кітап-ғасыр мұрасы»
«Ежелгі кітаптарды неден жасаған?»
Дөнгелек үстел
Өткізілген күні: 31.01.25ж.
Өткізілген орны: мектеп кітапханасы
Қатысқандар: 8 сынып оқушылары,тарих пәні мұғалімі Қонкабаев Н.А., кітапханашылар
Мақсаты: Кітаптың шығу тарихы туралы түсінік беру. Білімнің көкжиегін кеңейту.Оқушылардың дүниетанымын жан-жақты өмірмен байланыстыра отырып дамыту. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы аясында Жамбыл облысында «2025 жылы-Кітап оқу жылы» болып бекітілуіне орай «Кітап-ғасыр мұрасы»,
«Ежелгі кітаптарды неден жасаған?» атты дөнгелек үстел өтті. Іс- шара барысында тарих пәні мұғалімі Н.А. Конкабаев оқушыларға кітаптың шығу тарихы, қазақ жеріндегі баспаханалар туралы толық мағлұмат беріп өтті. Жалпы кітаптың өндірісі, адам өмірінде кітаптың алатын орны туралы да тоқтап кетіп, оқушылармен еркін форматта әңгімелесу жүргізді. Оқушылар бірнеше сұрақтарға жауап беріп, өздерінің түсініктерін айтты.