«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы»
20 ақпан күні мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмысының іске асыру бойынша мектеп 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Отбасылық үйлесімділіктің кілті – сенімді қарым-қатынас» тақырыбында кезекті 5 сабақ өткізілді.
Мақсаты: ата-аналарға балалармен сенімді қарым-қатынас негізінде отбасында үйлесімділік құру қажеттілігі туралы түсінік беру. Міндеттері: ата-аналарды балалармен үйлесімді, сенімді қарым-қатынас орнатуға ынталандыру; ата-аналардың балалар мен ата-аналар арасындағы сенім туралы түсініктерін қалыптастыру және кеңейту; оқытудың белсенді әдістері арқылы сенімді қарым-қатынас құру дағдыларын дамыту.
Ұлттық құндылықтар: бірлік пен ынтымақтастық
Күтілетін нәтижелер: Сабақ аяқталғаннан кейін ата-ана мына құзыреттіліктерге ие болады: отбасында сенімді қарым-қатынас орнатуға дайын болады; балалармен сенімді қарым- қатынас негізінде отбасында үйлесімділік құру қажеттілігі туралы түсініктерін тереңдетеді; отбасында сенімді қарым-қатынас орнату дағдыларын дамытады.