19
ноябрь
2024
Жоғары Әскери оқу орындарының атынан үгіт-насихат жүргізу мақсатында 10-11 сынып оқушылармен кездесу өтті
Кәсіптік бағдар беру - жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыларды мамандық таңдауға дайындауға, кәсіби өзін-өзі анықтауға көмектесуге бағытталған шаралар жүйесі. 2024 жылдың 19 қараша күні Қазақстан Республикасының жоғары әскери оқу орындарының атынан үгіт-насихат жүргізу мақсатында ҚР ҰҚК ШҚ маманы майор Гушаров Азаматпен кездесу өтті. Кездесу барысында мамандық таңдау - адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі, адам өз бойындағы қабілетіне қарай, икемділігіне қарай өзіне және қоғамға қызмет ету дегенмен бірдей екендігін түсіндіріп, толық мағлұмат берді.