«Әжемнің ертегілері» тәрбие сағаты
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Балалар кітапханасы» бағыты бойынша
Ертегілер әлемінде
«Әжемнің ертегілері» тәрбие сағаты
Анықтама
Өткізілген күні: 20.01.25 ж.
Өткізілген орны: мектеп кітапханасы
Қатысқандар: 2 сынып оқушылары
Мақсаты: оқушыларға ертегі әлемі, ертегілердің түрлері туралы түсінік беру.
Ертегілер туралы түсініктерін кеңейту,ертегі тыңдауға, айта білуге үйрету.
Әженің ертегісі арқылы ертегіге деген қызығушылықтарын, ой-қиялдарын
дамыту. Ертегілер арқылы мейірімділікке, жақсылыққа тәрбиелеу.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінің 2025 жылдың 20 қаңтар күні «Балалар кітапханасы» бағыты бойынша 2 сынып оқушыларына Ертегілер әлемінде «Әжемнің ертегілері» тақырыбындағы іс-шараға 2-сынып оқушылары мен олардың әжелері қатысты. Әжелер балаларға қазақ халық ертегілерін оқып, қызықты оқиғаларды баяндады. Балалар ертегілердің мазмұнын талдап, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, оқушылар өздері жаттаған ертегілерден үзінділер айтып, көрініс қойылымдарын ұсынды. «Әжемнің ертегілері» іс-шарасы оқушылар мен әжелер арасындағы байланысты нығайтып, оқуға құштарлықты арттыру мақсатында өтті.