"Оқуға құштар мектеп" жобасы
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ
"Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында
қысқы демалыс кезінде
«Қыcта кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» атты іс-шараларды
ұйымдастыру
«Мен оқыған бір ертегі», «Парасаттылық туралы» әңгімелесу
Анықтама
Өткізілген күні: 03.01.2024ж.
Өткізілген орны: мектеп кітапханасы
Қатысқандар: 3-6 сынып оқушылары, мектеп ұстаздары.
Оқушыларға адалдық, парасаттылық, шындық туралы түсініктерін кеңейту
мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасының үлесі маңызды.
А. Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде 2024 жылы қантар айының 3-і күні «Мен оқыған бір ертегі», «Парасаттылық туралы» тақырыбында білім алушылар мен ұстаздар арасында әңгімелесу өткізілді. Сыбайлас жемқорлық – балалар үшін күрделі ұғым екенін, сондықтан біз оны ертегілер мысалында түсіндіруге тырыстық. Балалар ертегілерді өте жақсы көреді. Ертегі кейіпкерлері арқылы сыбайлас жемқорлықтың мәнін түсіну әлдеқайда тиімді екенін дәлелдедік. Сондықтан балаларға «Әжемнің ертегілері жинағы» ертегісінің көрінісін жаңа тәсілмен көрсеттік. Балалар «пара», «бопсалау» сияқты сөздердің түсініктерін түсінді. Ертегі кейіпкерлерімен бірге өмірдегі түрлі жағдайларды талдадық. Сондай-ақ, балаларға тыңдау үшін әдеби шығармалар, мейірімділік, адалдық, жауапкершілік туралы мақал-мәтелдер ұсынылды.