«Үнемі оқитын адам-табысты адам» оқырмандармен кездесу
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ
"Балалар кітапханасы" жобасын іске асыру мақсатында
«Қыcта кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» атты іс-шара
«Үнемі оқитын адам-табысты адам» оқырмандармен кездесу
Анықтама
Өткізілген күні: 04.01.2024ж.
Өткізілген орны: мектеп кітапханасы
Қатысқандар: 1-4 сынып оқушылары, бастауыш сынып жетекшілері: Г.Тохаева, З.Алыпбаева, А.Алпамысова мектеп кітапханашысы М.Каимбаева.
Мақсаты: кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру;
мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, ар - ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу, кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында қысқы демалыс кезінде 2024 жылы қаңтар айының 4-і күні «Үнемі оқитын адам-табысты адам» оқырмандармен қысқы демалыс кезінде мектеп кітапханасында кездесіп, оқыған кітаптары туралы талқылау өтті. Мектеп оқушылары мен сынып жетекшілері кітапханамен тығыз байланыста екенін, өз оқыған кітаптарын насихаттап, үнемі кітап алып оқитындарын айтты. Сондықтан кітапханашы «керексіз кітап болмайды, керегін таба алмаған оқырман болады», «Қай істе болмасын, басы мен соңы болады», сол сияқты әр кітаптың басы мен соңы бар, оған ерекше мән бере оқу қажет - деп мағмұлматтар берді. Кітапханашы шара соңында балаларға қысқы демалыстарында кітап оқуға кеңес берді.
![](/uploads/posts/2024-01/1704689091_1704689011053.png)
![](/uploads/posts/2024-01/1704689081_1704689004648.png)
![](/uploads/posts/2024-01/1704689017_1704688998669.png)
![](/uploads/posts/2024-01/1704689015_1704688992500.png)