«Үздік оқырман» атты мекепшілік кітап оқу байқауы
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Үздік оқырман» атты мектепшілік кітап оқу байқауы ұйымдастырылуда. Байқауға алдын ала қазылар алқасы бекітіліп, қатысушыларға шығармалар тізімі берілді. Оқырмандардың жас ерекшеліктерін ескере отырып 5-8 сынып, 9-11 сынып оқушыларына арналған шығармалар ұсынылды. Байқау ІІІ кезеңнен тұрады. Желтоқсан айының 21 і күні байқаудың І кезеңі өткізілді. 14 үміткер қатысуға өтініш берді. Мектеп директоры Л. Б. Кокрекбаева қатысушыларға сәттілік тіледі. І кезең бойынша оқушыларға тест тапсырмалары берілді, және қазылар алқасы әр қатысушымен жеке пікірлесу жүргізді. Нәтижесінде 14 қатысушыдан 8 қатысушы ІІ кезеңге өтті. Ал І кезеңнен сүрінген 5 қатысушыға Алғыс хат пен естелік сыйлықтары табысталды. ІІ кезеңнің тапсырмалары беріліп, ережесі түсіндірілді. Келесі кезең ақпан айында өткізілетін болады. Қатысушыларға сәттілік!