«Буллингтен қорған» тақырыбында өткізілген сынып сағаттарының анықтамасы » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Буллингтен қорған» тақырыбында өткізілген сынып сағаттарының анықтамасы
18
ноябрь
2024

«Буллингтен қорған» тақырыбында өткізілген сынып сағаттарының анықтамасы

2024 жылы 18 қараша күні  1-11 сыныптар арасында «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларды буллингтің мәні мен оның салдарымен таныстыру, оларға буллинг жағдайларында өзін қалай ұстау керектігін түсіндіру, сондай-ақ мектепте қауіпсіз және қолайлы орта құруға ықпал ету болды. Оқушыларға буллингтің психологиялық, физикалық және кибербуллинг түрлері түсіндіріліп, оның құрбандарына қандай зиян тигізетіні жайлы айтылды. Сабақ барысында оқушылар буллингтен қорғаудың тиімді әдістерімен танысып, жағдайға қалай дұрыс әрекет ету керектігін талқылады. Бір-біріне қолдау көрсетудің маңыздылығы мен досқа көмектесудің жолдары айтылып, оқушылардың өзара түсіністік пен құрметке негізделген қарым-қатынас орнатуы мақсат етілді. Талқылау барысында оқушылар өмірден алынған мысалдармен бөлісіп, дөрекілік көрсететін адамдармен өзін қалай ұстау керектігі туралы өз ойларын ортаға салды. Оқушылар топпен жұмыс жасап, сыныптың негізгі ережелерін жазды. Оқушылармен сыныпта қолайлы орта  қалыптастыру және  оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас ортнату, бір –бірін сыйлауға, адал дос болуға тәрбиелеу мақсатында «Тамаша күн үшін рахмет»,   «Дос болайық бәріміз» ойын жаттығулары ойнатылды.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: