«Салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастыру» тақырыбында кезекті 2 сабақ өткізілді
19 қараша күні мектепте 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастыру» тақырыбында кезекті 2 сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: балалардың салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде ата-аналардың тамақтану мәдениетін қалыптастыру
Міндеттері: балалардың физикалық және психикалық дамуындағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығын ашу; дұрыс тамақтанбауға байланысты әртүрлі аурулар және олардың салдары туралы түсініктерді кеңейту; дұрыс тамақтану негіздерін қалыптастыруға үйрету (әртүрлілік, модерация және тепе-теңдік); отбасында дұрыс тамақтану үшін қолдау ортасын құру бойынша практикалық кеңестер әзірлеу.
Ұлттық құндылықтар мен тұлғаның жеке қасиеттері: әділеттілік және жауапкершілік.
Сабақ нәтижесінде ата-аналар балалардың дамуындағы дұрыс тамақтанудың мәні мен маңызы туралы, дұрыс тамақтанудың негізгі принциптері туралы біліп, балалардың теңгерімді тамақтануын ұйымдастыру бойынша құзыреттері қалыптасты.