«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
23
январь
2024

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында

Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ


«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында

«Ахмет Байтұрсынов» ауылының

«Мен оқимын, сенде оқы» дауыстап,мәнерлеп оқу сайысы


Анықтама

Өткізілген күні: 23.01.24ж.

Өткізілген орны:  4 «А» сынып

Қатысқандар: 4 «А» сынып оқушылары, барлығы - 14 оқушы, сынып жетекші Алпамысова А.А.

     Мақсаты:Оқушылардың кітап оқуға құштарлығын ояту, ой-өрісін, сөздік қорын кеңейту, танымдық қабілетін дамыту, өлеңдерді, мәтіндерді   дауыс ырғағын келтіре оқып, қысқаша түсінігін айтуға және кітапты күтіп ұстауға, ұқыптылыққа, білімді болуға баулу.

.

         Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінің 4 «А»  сыныбында     2024 жылы қаңтар айының 23 күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ахмет Байтұрсынов»  ауылының «Мен оқимын, сенде оқы» тақырыбында оқушылар арасында дауыстап оқу  сайысы өтті.Психологиялық дайындық жүргізілді. Нейро жаттығуларын жасап, балалар көңіл -күйлерін көтерді.

Сайыс 3 бөлім бойынша өтті:

I – бөлім:2 топқа бөлінді.І – топ: «Әліппе», ІІ – топ: «Әдебиеттік оқу».

Оқушылардың Ахмет Байтұрсынов туралы алған білімдерін жан-жақты пысықтады.Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянына тоқтала әңгімелеп,  шығармаларына шолу жасады, өлең шумақтарын жалғастыра жатқа айтты.

II– бөлім: Ахмет Байтұрсыновтың мысалдарын баяндап, қима қағаздардан пазлды құрастыру арқылы әр топ өздеріне берілген тапсырманы ойдағыдай орындады.Әр топ өздерінің құрастырған мысалдарын әңгімелеп қорғады.

III – бөлім: «Кір жаю» әдісі арқылы әр топ Ахмет Байтұрсынов туралы ойларын топтастырып ортаға салды.

Қорытындылай келе, оқушылар кітап оқудың жақсы жақтарын айтып, өз пікір, ойларын ортаға салды. «Кітап-білім бұлағы» нақыл сөзінің мән мағынасын түсініп, түйсіктеріне құйды, алған әсерлерімен бөлісті.Оқушылардың сыныптан тыс жұмыс өткізудегі жеткен жетістіктерін бағалап, сыйлықтар берілді.  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: