“Үштілділік саясаты қазір өзекті ме?” тақырыбында пікірсайыс өткізілді.
“ Қазақстан халқының тілдері күніне” орай А . Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен мектепішілік “Үштілділік саясаты қазір өзекті ме?” тақырыбында пікірсайыс өткізілді.Сайысқа 11”А” сыныбынан екі топ қатысты. Үкімет :”Талант” тобы, Оппазиция: “Ақиқат” тобы болып бөлінді.Қазылар алқасы сайланып, тайм спикер таныстырылды. Берілген қарар бойынша спикерлер сөз сөйледі. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Сараптама бөлімінде спикерлер өз ойлары мен пікірлерін қорытындылады. Қазылар алқасының шешімі негізінде 1 орынға “Ақиқат” тобы ,
2 орынға “Талант” тобы лайықты деп табылды.Тұңғатар Ерғанат “Үздік ойыншы” номинациясын жеңіп алды. Шара соңында мектеп директоры Л.Б.Кокрекбаева сөз сөйлеп, қатысушыларды марапаттады