7-сынып оқушылары арасында мектепішілік дебат өтті
Кибербуллинг: қатыгездік қайдан, қауіп неден?
2024 жылдың 12 қаңтар күні А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ақиқат» дебат үйірмесінің жетекшісі А.Еставлетованың ұйымдастыруымен «Б.П Мектептегі кибербуллингті жоюдың тиімді тәсілін ұсынады» тақырыбында 7-сынып оқушылары арасында мектепішілік дебат өтті.
Дебат қозғалысы мектеп білім алушылары арасында тапқырлық, логика, ораторлық өнерді нығайту, пікірсайыс ойындарын кең көлемде жастарға насихаттау және білім алушылардың интеллектуалды ізденісін дамыту мақсатында өткізілді. Қарарлардың өзектілігі мен проблемалық тұстары, аргумент пен факттері, статистикалық мәліметтердің құндылығы айшықталып көрсетілді. Оқушылардың пікірсайысқа деген ынта-жігерлері, қарарға деген дайындықтары, спикерлердің атқаратын қызметтері өз дәрежесінде айқындалды. Парламентариядан мектеп білім алушылары алаңға шығып өз ойларын ортаға салды. Осындай қызу пікірсайыс нәтижесінде жеңімпаз команда анықталды.