Рейд жұмыстары
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 3 мамыр күні кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстармен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында,Меркі ауданының білім бөлімінің мобильді топ мүшелерімен түнгі рейд жүргізілді.Рейд жұмыстары аудан аумағында орналасқан мейрамханалар мен ойынханаларға жүргізіліп,заңды өкілінсіз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдерге ескертіліп,ата-аналарына және мейрамхана әкімшілігіне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Рейд барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бап ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамауы,442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығы жайлы ескертілді.