Түнгі рейд жұмыстары
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 12сәуір күні кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және ескерту, қадағалаусыз және панасыз қалғандарды анықтау үшін түнгі рейд жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілді.
Жүргізілген рейдтің басты мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және ескерту, спирттік ішімдіктерді пайдаланатын кәмелетке толмағандарды, сонымен қатар, оларға алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сату арқылы қоғамға қарсы іс-әрекеттерге итермелейтін ересектерді, күндізгі-түнгі мезгілде ойын-сауық мекемелерінде, тұрғын жайдан тыс жерлерде ата-аналарының қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтап, ойын-сауық мекеме иелеріне және ата-аналарына әкімшілік шаралар қолдану болды.