Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген рейдтер
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген рейдтер туралы мәлімет
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінің 2023 жылдың 6 қазанында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігі педагогикалық ұжымымен бірлесіп рейд жүргізді.
Рейд мақсаты түнгі уақытта мектеп білім алушыларының қараусыз жүруін және құқық бұзушылықты алдын алу.
Рейд барысында елді мекен көшелерінде, аудан орталығында орналасқан кафелермен тойханалар тексерілді.
Іс-шаралар барысында түнгі уақытта аудан орталығында орналасқан «STATUS», «Шах», «Достар», «Қазына», «Жасмин», «Маратбек» кафелеріне және ауыл көшелерін/ көшелер саны 8/, жанармай бекеттері рейд жүргізілді. Жоғарыда аталған көпшілік орындарда (кафе, мейрамхана) және көшеде бей-берекет, ата-анасының қарауынсыз жүрген оқушылар анықталған жоқ.
Жүргізілген рейд кезінде ешқандай құқық бұзушылық келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ.



