«Кітапханаға саяхат»
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ
«Балалар кітапханасы» бағыты бойынша
«Кітапханаға саяхат»
Анықтама
Мақсаты: Кітап әлемi туралы түсiнiк берiп,кітапхана өмірімен таныстыру;
білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру;
бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру;
кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.
Кiтапхана-кітаптар әлеміне апаратын қызыққа толы жол болса, сол жолмен жүруге әр оқушыныңда ынтасы ауады.«Балалар кітапханасы» бағыты бойынша Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектеп кітапханасына 2024 жылдың қаңтар айының 19 жұлдызы күні 1 сынып оқушылары мектеп кітапханасына саяхат жасады.Кітапханашы оқушыларды кітапхана туралы, абонемент,оқу залы,кітаптардың қалай орналасқаны, кітапханаға қалай жазылу керектігі,балалар әдебиеті бөлімі, кітап қоры туралы толық мағлұматтар берілді. Сондай-ақ іс-шара барысында бүлдіршіндердің назарына ертегі кітаптар, қазақ, орыс, шетел шығармалары, балаларға арналған энциклопедиялар,тағы да басқа көркем суреттелген иллюстрациялы кітаптар ұсынылды.Кiшкентай оқырмандарымыз қызығушылық танытып, кітап туралы өз ойларын айтып бердi.Шара соңында кітапханашы оқушыларды кітап сүюге, кітаппен дос болуға шақырды.