«Әбіш әлемі»
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
«Әбіш әлемі»
Әбіш Ккекілбаев туғанына - 85 жыл
Өткізілген күні: 12 наурыз 2024ж.
Өткізілген орны: мектеп кітапханасы
мақсаты: Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері, Әбіш Кекілбайұлының қаламгерлігі, қайраткерлігі, саясаткерлігі туралы оқушыларға кеңірек таныстыру.
2024 жылдың 12 наурыз күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ кітапханасында «Балалар кітапханасы» бағыты аясында «Әбіш әлемі» Әбіш Кекілбаев 85 жылға толуына орай көрме жасалып, оқырмандарға көрме туралы хабарлама жүргізілді. Көрмеге 5-6 сынып оқушылары қатысты. Кекілбайұлы Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Қазақ халқының ардақты ұлы, заңғар жазушы, аңыз адам Әбіш Кекілбаев ұлттың руханиятында өшпес із қалдырған ерекше тұлға. 5-6 сынып білім алушылары Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы мен өлеңдерін оқып, өмірбаяны бойынша өз ойларымен бөлісіп, жан - жақты ақпараттармен толықтырып отырды. Кітапханашы оқушыларға Ә.Кекілбаевтың өмірі мен өлеңдер жинағын QR кодты аша отырып қалай пайдалану керектігі туралы айтып өтті.