Кезектен тыс жалпы ата-аналар және мұғалімдер жиналысы » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кезектен тыс жалпы ата-аналар және мұғалімдер жиналысы
29
февраль
2024

Кезектен тыс жалпы ата-аналар және мұғалімдер жиналысы

  29 ақпан 2024 ж. мектепте кезектен тыс жалпы ата-аналар және мұғалімдер жиналыстары өткізілді. Күн тәртібінде:

  1. Казақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қантардағы №20 Қаулысымен «қазақстан Республикасының аумағында уақытты есесптеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарарашадағы № 1749 қаулысына өзгерістер енгізілгені барысында 2024 жылы 29 ақпаннан 1-наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыттың 1 сағат артқа ауысатыны туралы;
  2. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі, барлық білім беру ұйымдарында жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында педагогтермен, ата-аналармен түсіндіру жұмыстары туралы

1 сұрақ бойынша сөз кезегі мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары Г.Т.Инкарбекова Казақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қантардағы №20 Қаулысымен «қазақстан Республикасының аумағында уақытты есесптеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарарашадағы № 1749 қаулысына өзгерістер енгізілгені туралы, Қаулының  3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-сағаттық белдеу қолданылатыны туралы, 2024 жылы 29 ақпаннан 1-наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыттың 1 сағат артқа ауысады. Осыған байланысты мектептегі ұжымының жұмыс режимі, сабақ кестесі, ауысым кестесі еш өзгеріссіз жүргізілетіні туралы түсіндіріп айтты. Яғни еліміздің барлық өңірінде уақыт теңеседі. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл халықтың өмір сүру салтына оң ықпалын тигізеді. Мамандар әлемнің 175 елі бірыңғай уақыт белдеуімен өмір сүретінін айтады. Яғни, алаңдауға негіз жоқ. Қазір мұндай тәжірибені көршілес мемлекеттер де қолданып жатыр. Соның бірі - Қытай. Қысқасы, уақыт белдеуінің өзгерісіне бейімделу үшін әр азамат күн тәртібін дұрыс жоспарлай алса жеткілікті.

    2 сұрақ бойынша сөз кезегі мектеп директорының тәрбие ісі-жөніңдегі орынбасары А.М.Канибетова «8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай,   мекеме басшыларына, әкімшілігіне, ұстаздар қауымына заттай сый-сияпат алуға,  ата-аналар тарапынан себепсіз  ақша жинауға қатаң түрде тыйым  салынатындығы туралы айтты.

         Ақшалай не заттай сыйлықты  беріп жатқан да, оны алған тұлғаға  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің баптарына сәйкес, 2 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар алу,   жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі әкімшілік, ал  2 айлық есептік көрсеткіштен асса қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатындығы ескертілді.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: