Мектеп формасына қойылатын талаптар туралы жалпы ата-аналар жиналысы » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп формасына қойылатын талаптар туралы жалпы ата-аналар жиналысы
29
май
2023

Мектеп формасына қойылатын талаптар туралы жалпы ата-аналар жиналысы

А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп


Мектеп формасына қойылатын талаптар туралы жалпы ата-аналар жиналысы 


Бірыңғай мектеп формасының талаптары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» № 319 заңының нормаларынан туындап отыр. Осы заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар бекітілді. Осылайша мектеп формасы еліміздің орта білім беру ұйымдарында киюге міндеттелген оқушылардың бірыңғай киім үлгісі болып табылады.

26 мамыр 2023 жылы мектепте жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы  №26 бұйрығына сәйкес «Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» туралы ереже таныстырылды.  Ұсынылған мектеп формасының үлгісі көрсетіліп, діни сипаттағы тыйым салынған киімдер тұтынуға болмайтындығы туралы айтылды. Ата-аналар тарапынан қарсы пікір болған жоқ. Осыған дейінде мемлекет ұсынған мектеп формасы сақталып келді, жаңа оқу жылында да ата-аналар балаларын мектеп формасымен қамтамасыз ететіндіктерін айтты.

    Ұлдар үшін көк костюм шалбар, ақ жейдесімен. Қыз оқушылар үшін осы түстегі костюм-юбка ақ жейдесімен. Қыс мезгілінде ақ жейдені жылы жейдемен алмастыруға болады. Юбканың ұзындығы тізенің тұсында тұруы шарт. Ал ер балалардың шалбарының балағы тобықты толық жауып тұруы тиіс. Мектептегі балалар осы үлгіде киінеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: