«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
14 ақпан күні мектепте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында
1-4 сынып оқушыларының ата-аналары арасында «Құмар ойындары – тәуелділік қақпаны» Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай жеңуге болады? тақырыбында кезекті 5 сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың интернет-ресурстарды қауіпсіз пайдалану, балалардың ойынға тәуелділігін жеңу дағдыларын дамыту.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер: қарым-қатынас, компьютерлік ойындарға деген құштарлықтың алдын алу, өзара сыйластық, денсаулық мәдениеті, гигиенаны сақтау, позитивті ерік.
Күтілетін нәтижелер:
– Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігінің алдын алу мәселелеріне ата-аналардың қызығушылығы артады.
– Ата-аналардың интернетті жауапкершілікпен, әдепті түрде және қауіпсіз пайдалану мәдениеті қалыптасады.
– Топта әртүрлі жағдайларда жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.