«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
18 қантар күні мектепте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында
5-9 сынып оқушыларының ата-аналары арасында «Бұлақ көрсең, көзін аш» Шығармашыл тұлғаны тәрбиелейміз» тақырыбында кезекті төртінші сабақ ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту дағдыларын қалыптастыру.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
Ынтымақтастық, ата-ананың міндеті, құрмет, шығармашылық, әлеуметтік интеллект.
Жауапкершілік, шығармашылық, жауаптылық, ашықтық, ынтымақтастыққа дайын болу.
Жоспар
1. Отбасы жағдайында жасөспірімнің шығармашылық ойын дамыту әдістері.
2. Тіректер арқылы ертегілерді ойлап табуды үйрену.
3. Қазіргі отбасы жағдайында балалардың шығармашылығын дамытудағы ұлттық балалар ойындарының маңызы.
4. Балалармен шығармашылық сабақтардың тиімділігін арттыру.
5. Шығармашыл тұлғаны дамыту барысында отбасы мен мектептің өзара әрекеті.
Қорытынды. Қорытындылау, тілектер.