«Балалар кітапханасы» бағыты бойынша » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балалар кітапханасы» бағыты бойынша
07
февраль
2024

«Балалар кітапханасы» бағыты бойынша

Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7  ЖОББМ                   

               «Балалар кітапханасы» бағыты  бойынша

 «Кітап оқу-өзіңді оқу » 

«Әрбір қыз баласы оқуы тиіс кітаптар» 

кітап көрме

Анықтама

Мақсатыбілімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру; кітаптың адам өміріндегі маңызын, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырукөркем шығармаларда кездесетін салт-дәстүрлерді толық меңгеру, тарихын   ұғындыру.


     Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында  2024   жылдың 7 ақпан күні  «Балалар кітапханасы» бағытын іске асыру мақсатында    7-11 сыныптың қыз балаларына «Кітап оқу-өзіңді оқу», «Әрбір қыз баласы оқуы тиіс кітаптар» атты тақырыпта кітаптар көрмесі ұсынылды.  Әрбір қыз баласы оқуы тиіс кітаптар тізімі бойынша Әзілхан Нұршайықовтың  "Махаббат қызық мол  жылдар», Әкім Таразидің «Махаббат жыры»,  Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан»,  Зейнеп Ахметованың «Бабалар аманаты», Нина Гарсия «Идеал гардеробтағы 100 зат», Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» шығармалары таныстырылды. Ұсынылған шығармалар заманауи әйелге қатысты қарым-қатынас, әлеуметтік жетістік, өзін-өзі дамыту, өзін және ер азаматты түсіну, бақытқа жету, бала тәрбиесі, стиль, этикет мәселелерін қамтиды. 7-11 сынып оқушылары оқыған кітаптары жөніндегі ой-толғамдарын  айтып өтті. Он бірінші  сынып оқушыларының болашақта әдебиеттен тыс мамандық таңдайтынына қарамастан көркем әдебиетке деген құштарлығына риза болдық. Шығарманы талдауы, мазмұндауы бізді  қуантты. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: