«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
«Бауыржан Момышұлы» ауылының
«Ұрпаққа ұран –ұлы есім» тақырыбында тәрбие сағаты
Анықтама
Өткізілген күні:06.02.24 ж.
Өткізілген орны: 5 «А» сыныбы
Қатысқандар: 5 «А» сынып 14 оқушы,сынып жетекші Турганбаева Ж.А.
Мақсаты: Отанын сүюге, оның намысы мен абыройын қорғауға даяр болуға, елінің болашағы үшін тер төккен тұлғаларды ұмытпауға тәрбиелеу.Батыр ағаның ерліктері мен еңбектері арқылы өткен тарихымызға қызығушылығын арттыру;Тарихи тұлғаларды құрметтеуге тәрбиелеу, оқушыларды отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу;
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінің 5 «А» сыныбында
2024 жылы қаңтар айының 06 жұлдызында мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ержүректілік көрсеткен, өз заманында–ақ аты аңызға айналған «Бауыржан Момышұлы» ауылының«Ұрпаққа ұран –ұлы есім» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.Тәрбие сағатында оқушыларға Бауыржан Момышұлының өз дауысынан видеоролик көрсетіліп, батыр бабамыздың жасаған ерліктері туралы слайдпен таныстырылды. Оқушылар Бауыржан Момышұлының өмірі, шығармашылығы, өсиет сөздері туралы мәлімет дайындап, өз ойларын ортаға салды. 3-топқа тапсырма беріліп, Бауыржан Момышұлы кім? Батырдың өмір жолы, отбасы, шығармашылығы туралы постер қорғады. Тәрбие сағаты өз мақсатына жетті.