«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
«Әбу Насыр Әл-Фараби» ауылының
«Шығыстың ғұлама ғалымы» атты тәрбие сағаты
Анықтама
Өткізілген күні:22.01.24ж.
Өткізілген орны: 4 «В» сыныбы
Қатысқандар: 4 «В» сынып 14оқушы,сынып жетекші : Құттыбаева Л.
Мақсаты: Фарабидің өмірімен,еңбектерімен таныстыру математиканың маңыздылығын көрсету арқылы оқушы бойындағы білуге деген талпыныс құмарлықты ояту,балалық қиялдарын қозғап,зейіндерін кеңейте түсу.Өз отанын сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу,ұлы тұлғалар өмірін оқыта отырып,халқының мәдениетін қадірлеуге тәрбиелеу.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінің 4 «В» сыныбында 2024 жылы қантар айының 22 күнінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Әбу Насыр Әл-Фараби» ауылының «Шығыстың ғұлама ғалымы» атты тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатында балалар Әбу Насыр Әл-Фараби туралы терең ақпарат алды. Фарабидің туған жері,өмір баяны,алған білімі ғылыммен қандай байланысы бар екенін түсінді.Балалар Әбу Насыр Әл –Фарабидің өмірімен жақынырақ таныс болу үшін «Әл-Фарабидің-Ізгілік туралы» шағын қойылым қойды.Қойылымда балалар адамгершілік пен адалдықты ұғынды.Оқушылар топқа бөлініп сұрақ-жауаптарға жауап берді, жылдамдық пен ойлампаздықтарын көрсеті.